Недостаточно полномочий
Тамақ сапасының мониторингі
Асхананың жұмыс істеу кестесі мен ас мәзірі және құзыретті мекемелерімен бекітілген 2 апталық ас мәзірі бар. Мектептің медбикесі асханадағы дайын және шикі тағамдарды алдын-ала бақылап, олардың санитарлық нормаларға сәйкес екендігін журналға толтыру және оларды тұтынуға рұқсаттама беріледі. Оқушылардың тамақтанатын орындары мен әрбір балаға берілетін ыдыс түрлері жеткілікті. Оқушыларға берілетін барлық тағам түрлері (проба) алдын-ала медбикенің қадағалауынан өтіп барып беріледі.
30.11.2023ж ІІ аптаның 4 күні ас мәзірінде:
Балықтан жасалған котлет 6-11 жас 80гр, 11-14 жас 100гр, 15-18 жас -150гр;
Картоп езбесі 6-10жас 100гр, 11-14 жас 13 гр, 15-18 жас-гр,
Сүзбе қосылған бөлке 6-10 жас 20гр, 11-14 жас 35гр, 15-18 жас 40гр
Жеміс сусыны 6-10 жас 200гр, 11-14 жас-200 гр, 15-18 жас 20гр,
Нан 6-10 жас 20 гр, 11-14 жас -40 гр, 15-18 жас 40гр
Тағамның ингридиенттерінде: Балық еті, картоп, нығайтылған бидай, ашытқы, иодталған тұз, қант, май, сүзбе, кептірілген жеміс.
Мектеп асханасында жұмыс жасайтын жұмысшылардың барлығында санитарлық кітапшалары бар.
Жалпы мектеп асханасында тамақтанудың гигиенасы мен санитарлық нормалары сақталған және оқушылардың дұрыс тамақтануына барлық жағдайлар жасалған.
30.11.2023