Недостаточно полномочий
"Заманауи мектепті басқару: трендтер және келешек" республикалық форум
Үстіміздегі жылдың ақпан айының 3-і күні Ақтөбе қаласында мектеп директорларының республикалық форумы болып өтті. Жиынға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы және Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мектептерінің директорлары, Білім басқармасы, Білім бөлімдерінің басшылары қатысты.
Республикалық форумның тақырыбы: " Заманауи мектепті басқару: трендтер және келешек".
Мақсаты: озық басқарушылық тәжірибені көрсету, проблемалық бағыттарды және алдағы жылға міндеттерді айқындау.
Форум екі бөлімнен I бөлім: "диалог алаңы" және "TedX форматындағы интерактивті сессия" бөлімдерінен тұрды.
Форумның " Диалог алаңы" бөлімінде білім беру ұйымындағы тәрбие жұмысы, педагогтерді аттестаттаудағы өзгерістер тақырыбында министрлік өкілдері сөз сөйледі.
" ТеdX форматындағы интерактивті сессия" бөлімінде білім беру саласында биік белестерді бағындырып жүрген мектеп ұйымының басшылары мен өкілдері сөз сөйлеп, өз іс-тәжірибелерімен, жетістіктерімен бөлісті.
Жиынның соңында ҚР Оқу-ағарту министрі ашық микрофон ұйымдастырып, ұсыныс, тілектерді тыңдады. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие беруде сынып жетекшінің рөлі, сынып жетекшінің мәртебесін көтеру, педагогтерді аттесттаттаудағы өзгерістер, мектеп ғимаратындағы күзет және бейнебақылау мәселелері бойынша қойылған сұрақтарға кең және түсінікті түрде жауап берді. Сұрақтар негізінде көтерілген мәселелерді жан жақты талдау жүргізіп, оң шешімін табатынын, тәжірибемізде жіберген қателіктерімізден сабақ алуымыз керектігін айтты.
Республикалық форум ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының еліміздің түкпір-түкпірінде жас ұрпақтарымызды білім нәрімен сусындатып, еңбек етіп жатқан ұстаздарымызға жалынды сәлемін жеткізу тілегімен аяқталды.
05.02.2024